Қаңтар айының 25-27 жұлдызы аралығында Астана қаласында Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы Астана қаласының Әкімшілігі мен «Астанаэнергосервис» компаниясы үшін қуат үнемдеу туралы семинар өткізді. Семинардың мақсаты – мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерін Жапонияның қуат үнемдеу жүйесімен және қуат үнемдеу диагностикасындағы техникалық «ноу-хау» мен қуат үнемдеу идеяларын алға жылжыту әдістерімен таныстыру, сонымен қатар жапон компаниялары жасап шығарған ең жаңа үлгідегі қуат үнемдеу құрылғыларымен таныстырды.
Семинардың алғашқы күнінде Жапониядан келген мамандар «Panasonic Electric Works Engineering Co., Ltd», «Excel International Co., Ltd», «Environ International Co., Ltd» компаниялырының жетекші менеджерлері тыңдаушыларды қуат үнемдеу саласындағы
технологиялармен, көмірқышқыл газын тастауды қысқартудың жапондық үлгісімен таныстырды, сонымен қатар жапон компанияларының қуат үнемдеуге арналған ең жаңа құрылғыларымен таныстырды.
Әрі қарай жапон мамандары семинардың тәжірибиелік бөліміне кірісті. Тексеру нысаны ретінде Астана қаласының Циркі мен Тәуелсіздік Сарайы таңдап алынды. Тәжірибе жүргізушілер жабдықтың барлық техникалық мүмкіндіктерімен, жарық беретін құралдармен, үлестіруші құрылғылармен, салқындатқыштармен (кондиционер) толық танысып, қажетті өлшемдерін алды. Семинардың соңғы күні жапон мамандары тексеруге алынған нысандар да электр қуатын пайдалануды азайту жөнінде ұсыныстар айтып, есептеу нәтижесін ұсынды. Қаңтар айының 28-30 жұлдызы аралығында жапон мамандары Астана қаласындағы «Стройкласс» құрылыс компаниясы үшін қуатты үнемдеу туралы семинар өтті. Семинар барысында эксплуатацияға алынған тұрғын үй кешеніне диагностика өткізілді, сонымен қатар, сол нысанда электр қуатын пайдалануды азайту жөнінде ұсыныстар айтылды.