Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Алғашқы рет Қазақстандағы шешендік өнер сайысының жеңімпазы Асатана қаласындағы Қазақстан-Жапон Орталығының тыңдарманы болды.

AgrandirЖанар, Қазақ Ауылшарушылық Университетінің 2-ші курс студенті. Оның мамандығы биотехнология. Осы жылы Астанадағы жапон тілі курстарының тыңдарманы ретінде Қазақстандағы шешендік өнер сайысына қатысып жеңімпаз атанды. Жапон тілін университетте оқымағандықтан Жанардың жеңіске жеткені өзара ерлік болды. Сондықтан Жанардың жеңіске жеткені Астана қаласының курстарының басқа да тыңдармандарын ынталандырады. Жанар мамыр айында өткен Орта Азиялық шешендік өнер сайысына қатысатын мақсаты бар еді. Өкінішке орай сайыстын уақыты оның мемлекеттік емтихан тапсыру уақытына сай келіп қалып, Жанар Алматыға келе алмай қалды. Сайыс өткен күні оның таспаға жазылған сөзін көрсетіп әділ қазылар оған жақсы баға берді. Жанардан жапон тілін оқуға және шешендік өнер сайысына қатысуға не себеп болғанын сұрадым. «Мен Семей қаласынанмын. Менің физика ғылымдарында маманданатын әпкем 2006 жылы Хирощима қаласына «Хирощима және Семей» жобасы бойынша барып келді. Ол бір ай бойы ядролық сынақтар мен ядролық сәулелердің әсерін зерттеумен айналысты. Жапониядан қайтып келген соң әпкем маған жапон тілін оқуға кеңес берді. Сол кезде мен 11 сынып оқушысы едім. Сөйтіп аптасына бір рет Мадина деген жоғары сынып оқушысы болар тұра Хирощима қаласына бір жылдық оқуға барған ұстаздан дәріс алдым. Қазір ол Семей қаласындағы медицина университетінде оқиды. «Шығармамның тақырыбын «Бәрінің даусы» деп алдым. Семей қаласында біздің болашағымыз үшін болған оқиғаны ешкім ұмытпаса екен деймін. Біз бір-біріміз үшін, мемлекетіміз үшін, әлемді өзгерту үшін тырысуымыз керек. Әркім терең ойланып әлемді сақтап қалуға өз үлесін қосса, міндетті түрде жақсы нәтиже шығады деп ойлаймын. «Маған жапон тілін оқыған өте қатты ұнайды. Қазақстан-жапон орталығының ұстаздарының басшылығымен біз топтастарымызбен тату-тәтті жапон тілін оқимыз». Жапондық қонақтардың курсқа келуін асыға күтемін. Иероглифтерді бекіту және есте қалдыру үшін жапон тіліндегі кітаптарды оқуға тырысам. Жапон орталығында «Я-кошка» атты кітаптар жинағы бар, сол кітаптардын барлығын дерлік оқып біттім. Хикаялардан маган «1 литр слёз», «Люблю только тебя» ұнайды. «Болашақта міндетті түрде Болашақ жобасы бойынша Жапонияға барып биотехнологию немесе генетиканы оқығым келеді. Отаныма қайтып келген соң ғылыми қызметкер немесе оқытушы ретінде қоғамға өз үлесімді қосқым келеді. Қазақстан-жапон орталығының тыңдармандарына берер сауалым «Өз күштеріңізге сеніп және талпынсаңыздар жапон тілінде жетістіктерге жетуге болады. Егер сіздерге иероглифтарды есте сақтау қиын болса, асықпаңыз, сонда сіз бәрін де меңгере аласыз».
Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC