Тамыз айының 3-і мен 14-і аралығында болған жасөспірімдер мен ересектерге арналған жапон тілінің жазғы курстары аяқталды. Мақсаты: Жапон елінің тілімен және мәдениетімен таныстыру. Сабақ барысында оригами және каллиграфиядан қосымша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар жаздық кимоно – юкатаны киіп, естелікке суретке түсті. Барлығы 6 топ болды, оның ішінде 52 адам Алматы қаласында, 25 адам Астана қаласында жапон тілін оқыды. Соның ішінде көбісі әрі қарай күзгі курста жапон тілін оқуды жалғастыруға ниет білдірді.