Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Алматыдағы 2-ші сакура фестивалі

Сакура- көптеген өлеңдер мен әндер арналған,махаббат пен жастықтың белгісіне айналған Жапонияның ұлттық нышаны.
Сакура шие тектес ағаштар қатарына жататын декоративті ағаштың жапонша атауы. Оның шиеден айырмашылығы жеміс бермейді. AgrandirКөктемнің келуімен сакуралар гүлдей бастайды.Осы сәтте Күн шығыс елінің барлық бақтары өзгеше бір шырайға енеді. Жүздеген ағаштар ақ ұлпа бұлтқа немесе аппақ қарға оранғандай, айнала ақ және қызғыш түсті гүлтермен құлпырады.Осы күндері елде "гүл тамашалау" "ханами" ("хана"гул,"ми" тамашалау деген сөздерінен шыққан) мерекесін тойлайды.Сакура гүлін тамашалау үшін халық достарымен,туыстарымен,әріптестерімен табиғат аясына шығады.
Міне Қазақстан-жапон орталығыда осындай тамаша мерекені екінше рет атап өтті. Оған шамамен 300 адам қатысты.
AgrandirҚатысушылар «Тацумаки» және «Басара» атты жапон билерін тамашалап,"Онигири" тоқаштары мен "Якитори" кәуабының дәмін татып көрді. Өз қолдарымен "кириэ" стилінде ашық хаттар кескіндеп,"оригамиден"сакура бұтағын жасады. Кимано киіп,естелікке суретке түсті. Бұдан өзге сакура суреттерінен конкурс өтті. Онда қазылар алқасы 3 жеңімпазды анықтап,оларға естелік сыйлықтарын табыстады.
Жаңалықтарға
жазылу

© 2012 KJC