Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Семей қаласында өткен Жапонияның мәдениет күні (29.08.09)

AgrandirМіне үшінші рет Семей қаласында Қазақстан – Жапон орталығы Жапонияның мәдениет күнін өткізді. Осы жолы Жапонияның мәдениет күні ерекше болды, өйткені осы жылы семей полигонында алғашқы ядерлық жарылыс болған күнге 60 жыл толды. ,
Осы 60 жылдыққа орай, Орталық Семей қ. Әкімшілігінің көмегімен қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік – медициналық мекемеде Жапонияның мәдениет күніне арналған тамаша мерекені өткізді.
AgrandirШараға 200-ден астам адам келді, олардың ішінде үлкені де кішісі де болды. Сонда «Ёсакой» биі көрсетілді, икебана гүлінің безендірілуі, жазғы кимоно – юкатаны кию тәсілі,Жапония жайлы сұрақ сайысы өтті. Бұның бәрі сахнада өтті. Бірақ, адамдар юкатаны киюге мүмкіндіктері болып,ескерткіш ретінде суретке түсті. Одан кейін жапон шайының дәмін татып, иероглиф жазбасымен есімдерін алып, сонымен қатар икебананы Катамото Наоко ханыммен жасап көре алды.
Күннің жаңбырлы және суық болғанына қарамастан, адамдарды мерекелік көңіл қалдырмады. Жүректе тек қуаныш және шаттық болды.

Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC