Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


ТАМЫЗДЫҢ 14-І КҮНІ «О-БОН» ЖАПОН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

AgrandirОсы аталмыш фестивальға арнайы Қырғыз-Жапон Орталығынан О-бон биінің шебері және жапон барабанында ойнаушылар тобы шақырылған болатын. Осылайша, жапон барабандарының әуенімен жазғы фестиваль басталды. Барабанда ойнаушылар тобының «Ооэдодайконы» орындауы жиналған қауымды таң қалдырды. О-бон биінің шебері Акащи ханым осы бидің 4 түрін көрсетті және қатысып көремін деушілер осы биді Акащи ханыммен бірге биледі.
Agrandir Келушілерге жапон тағамдарының жәрмеңкесі мен жапон тіліндегі журналдар мен кітаптардың сатылымы ұйымдастырылды. Келушілер якитори, макидзуши, каре райс, тәтті мақта мен жүгері сияқты жапондық тағамдардың дәмін татып көре алды. Ал, мидзу ё-ё атты ойын қатысушылар арасында ең қызықты ойын болды.
О-бон –маңызды буддисттік мерекелердің бірі. Осы мереке кезінде шіркеулерде қасиетті кітаптар оқытылады, адамдар өздерінің ата-бабаларына құлшылық етеді. Кешке саябақтарда арнайы ұлттық әуен сарынымен о-бон биін билеушілерді кездестіруге болады. Обон одори – ата-бабалар аруағына бағышталып биленетін би деп есептелінеді. Бұл биді билеу кезінде көбінесе юката киеді.
Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC