Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Курс жайлы мәліметтер

Agrandir

Орталықта келесідей деңгейлер бар:

• 1–4 деңгей (бастапқы деңгей)
• 5-6 деңгей (орташа деңгей)
• 7-8 деңгей (ілгерілеу деңгейі)
• Жапон тілінің іс жүзіндегі курсы
• Норёкусикен емтиханын тапсыруға дайындалу курсы
• Жапон тілін оқыту әдістемесі бойынша курс
• Жасөспірімдерге арналған курс (10-нан 16 жасқа дейінгілерге


Деңгейлері:

  • 1 деңгейі: жапон тілін басынан бастап оқып үйренушілер үшін.
  • 2 деңгейі: жапон тілін 60-70 сағат оқығандар, Хирагану мен Катакану бойынша оқып және жаза білетіндер, сонымен қатар шамамен 30 иероглиф білетіндер үшін.
  • 3 деңгейі: жапон тілін 120-130 сағат оқығандар, шамамен 150 иероглифты оқып және жаза білетіндер үшін (Норёкусикеннің 4 деңгейіне сәйкес)
  • 4 деңгейі: жапон тілін 200 сағат оқығандар, шамамен часов, 250 иероглифты жазып және оқи білетіндер үшін.
  • 5 деңгейі: жапон тілін 300 сағат оқығандарға, шамамен 350 иероглифты оқып, жаза алтындарға, және ойын жапон тілінде айта алатындарға арналған (Норёкусикеннің 3 деңгейіне сәйкес).
  • 6 деңгейі: жапон тілін 400 сағат оқығандар, 500 иероглифты оқып, жаза алатындар және күнделікті өзара әңгімелесуді жүргізе алатындар үшін.
  • 7 деңгейі: жапон тілін 500 сағат оқығандар, шамамен 650 иероглифты оқып, жаза алатындар және жапон тілінде талқылаулар жүргізе алатындарға арналған.
  • 8 деңгейі: жапон тілін 600 сағат оқығандар, шамамен 800 иероглифты оқып және жаза білетіндер және күрделі емес аудармалар жасай алатындарға (Норёкесикеннің 2-ші дейңгейіне сәйкес) арналған.
  • Жапон тілінің іс-тәжірибе курсы: жапон тілін жұмыста пайдаланғысы келетіндер, сонымен қатар Норёкусикеннің 1-ші деңгейіне тапсырғысы келетіндерге арналған

Сабақтардың уақыты:

  • Күндізгі топтар    15:30 – 17:30
  • Кешкілік топтар  18:30 – 20:30

Сабақтар аптасына 2 рет 2 сағаттан өткізіледі. Әрбір деңгейді тәмәмдау үшін шамамен 4 ай қажет. Күзгі курстар қыркүйектен қаңтарға дейін, ал көктемгі – ақпаннан маусымға дейін. Әрбір топтағы оқушылардың саны 20 адам.

Тыңдаушылар: 17 жастан жоғары тұлғалар (Қазақстан азаматтары алдыңғы қатарда қабылданады)
Семестр аяқталғанда Қазақстан-жапон орталығының курсын аяқтау туралы сертификат беріледі.



Курстарды аяқтау үшін қойылатын талаптар:
Сабақтарға қатысу кем дегенде 60 % құрау керек. Сонымен қатар аралық және қортынды емтихандарда кем дегенде 60 % жинау керек.

Курстарға қалай жазылу керек:
Тыңдаушыларды жинау жылына 2 рет өткізіледі: күзгі курстарға тамыздың және көктемгі курстарға қаңтардың басында. Сауалнама-тапсырысты толтыру керек, (3×4) мөлшердегі фотосуретті әкеліп, Орталықтағы курсқа жауаптыға тапсыру керек. Сонымен қатар тапсырысты факспен, электирондық поштамен немесе телефон арқылы беруге болады.
Қосымша ақпараттар:

  • Жапон тілін оқыту жөніндегі сарапшы Сізге кез-келген уақытта кеңес бере алады.
  • Тыңдаушылар сөйлесу тілін меңгеруін жапон тілін білетіндермен әңгімелесу кезінде қолдана алады
  • Курстың тыңдаушылары үшін оригами (қағазды бірін-біріне қою өнері), каллиграфия,«Го» ойыны және басқа да үйірмелер өткізіледі.
  • Аудиториялар аудио-, видеотехникалармен, проекторлар және басқа да жабдықтармен жабдықталған.
    Орталықтың кітапханасында жеке оқып үйрену үшін жапон тіліндегі әртүрлі оқу материалдары бар.
Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC