Бизнес курстар2002 жылдан бастап Қазақстан-Жапон орталығы Қазақстандағы кіші және орта бизнесті қолдау және дамытуға арналған оқыту программаларының кең таңдауын ұсынады. Жапон орталығының бизнес курстары – бұл: Жоғары сапалы оқыту. Курстардың программасы сіздердің бірлестіктеріңіздегі проблемалық жағдайларды шешу үшін тәжірибелік білімдерді қолдану арқылы жасалады. Лекциялар мен топтық талқылау мен пркатикалық мысалдардан басқа, сіз өздігіңізден жұмыстың инновациялық әдісін енгізе алатындай білім аласыз. Курстарда алынған жүйелі білім іскерлік бағыттағы білімді жетілдіре түседі. Курстарды квалификацияланған жапон мамандары оқытады. Жапон компанияларында басшылық қызметтерде көпжылдық стажы бар профессионалдар, сертификатталған консультанттар және Жапония ЖОО-ң профессорлары жапон тәжірибесін басшылыққа ала отырып білімдерімен бөліседі. Қолайлы баға Жапония Үкіметінің қаржылық қамтуының арқасында курстардың бағасы жоғары емес. Грант арқылы Жапонияда тәжірибеден өту мүмкіндігі. Жыл сайын бизнес-курстардың ең белсенді қатысушылары Жапонияда тәжірибеден өтіп, жапон өндіріс орындары мен компанияларына барып көруге мүмкіндік алады. Серіктестік жүйе құруда біздің семинарлар қатысушылар арасынан керек байланыс және бизнестегі серіктес табуға мүмкіндік береді. Орталықтың аудиториясы жақсы жабдықталған.Орталықта синхронды аудармаға арналған жабдықтарымен қатар, тренингтерге арналған арнайы құрал-саймандармен жабдықталған аудитория бар. |
|
Жаңалықтарға жазылу |







