Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Табиғатты қорғайық! Әлемдік мұра Тамғалыға сапар.

Agrandir

2 мамыр жапондық Көк күніне орай, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау мақсатында Тамғалыға бардық. Тамғалы атауы жаңаша естілгендер үшін, бұл Жетісу өңіріндегі жартастағы жазбалар өнерінің ең ескі және жарқын көрінісі. 2004 жылдан бастап Бүкіләлемдік мұра ЮНЕСКО-ның объектісі болып саналады. Осында 1950-ші жылдардың соңына қарай көптеген жартастағы жазбалары бар ғибадатхана табылып, 1970—1980 жылдарда зерттелді. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан 180 км қашықтықта Аңрақай тауларында орналасқан. Қатысушылар саны барлығы 50 адам болды. Сөйтіп осы сапар жайында өз әсерімен жапон тілі курстарының №3 группасының тыңдарманы Эрик Базарбай-тегі бөлісті.
«Барлығы екінші мамыр күні сағат сегізде басталды. Бұл күні Тамғалыға сапар жоспарланып қойылған еді. Бірден әнгімеге өтейін. Автобус жүрді, сөйтіп үш сағаттан соң біз тағайындалған орында болдық. Сапар барысында жапондықтардан Қазақстанның табиғатының сұлулығы жайлы естідім. Шынын айтқанда өте жағымды естілді. Бұл сапар экологиялық болғандықтан бізге пакет беріп, Тамғалыдағы бар қоқсықты жинатты.

Agrandir Абырой болғанда, қоқсық аз болды. Біз жартастағы жазуларға, әсірісе қола дәуіріндегі күн басты құдай және әртүрлі жануарлардың суреттеріне сүйсініп қарадық. Осы уақытта жапондақтармен достасып күншығыс елі жайлы көп мағлұмат алдық. Жартастағы жазулардың барлық 5 тобын көріп болған соң, бізді үлкен дастархан күтіп тұрды, ондағы ең басты тағам дәмді кәуап болды. Дем алып алған соң регби ойнауға асықтық, біздің топ Уалидің (жапон тілі курсының 2А группасының тыңдарманы) тобын жеңді. Содан соң атқа міндік, өте керемет сезім болды. Қызықты уақыт өткізуден кейін бізді ең өкінішті кез уйге қайту кезі күтіп тұрды. Өз атымнан қосарым, бұл сапар өте керемет сапар болды, Тамғалыға барып көрмегендерге айтарым міндетті түрде барып өз көздеріңізбен көргендеріңіз жөн!»
Үлкен рахмет, Эрик.

Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC