Русский日本語

Қазақстан – жапон адам

ресурстарын дамыту орталығы


Жапондық мейрам «Балалар күні».

Agrandir
«Балалар күні» Жапонияның ұлттық мейрамдарының бірі болып табылады. Және 5 мамыр күні тойланады. Балалар күнінің ең танымал атрибуты кои нобори, яғни үйдің алдына іліп қоятын матаға салынған балық бейнесі. Балықтың ауқымы үлкен болып келеді, баланың жасына қарай кей кезде тоғыз метрге дейін барады (ең кішкентайлары кіші балаларға арналған, ал ең ұзындары үлкеніректеріне арналады). Үйде неше бала бар болса сонша балық ілінеді. Жапонияда балық ағымға қарсы жүзе алатын қасиетіне байланысты өмірге төзімділік пен батылдықтың белгісі болып саналады.
Agrandir7 мамыр Алматы қаласының №1 балалар үйінде Балалар күнін өткіздік. 6-10 жастағы балалар барлығы 42 бала қатысты. Олар самурай бас киімін және қағаздан балық жасауды үйренді. Сонымен қатар «Что мы знаем о Японии» деген викторинаға қатысып өз білімдерін көрсету арқылы сыйлықтарын алды. Қыздар кішкентайларға арналған кимоно-юкатаны киіп көріп суретке түсті.
Балалар өз кезектерінде қазақтың музыкалық аспабы домбырада ойнап, қазақ тілінде өлең айтып берді.
Көп ұлтты болғанына қарамастан балалар үйінің тәрбиешілерінің арқасында балалардың барлығы қазақ тілінде еркін сөйлей алатыны бізді таң қалдырды.

Agrandir8 мамыр осындай мерекелік шара №10мектептің бір сыныбында өткізіліп, 15 оқушы қатысты. Шараның программасы балалар үйіндегідей болды.
Соңғы пунктымыз Қазақстанның халықаралық мектебі болды. Программаға қатысқан 40 баланың (3-5 жастағы) барлығы қызығушылықпен самурайлар бас киімін өз қолдарымен жасады. Балалардың көбісі шетелдіктер болғанымен бір-бірімізді оңай түсіне алдық

AgrandirБарлығы біз жоспарлағандай өтті. Балалардың барлығы, сонымен қатар олардың мұғалімдері мен тәрбиешілері риза болды.

Жаңалықтарға
жазылу

© 2010 KJC