3, 4 немесе 5 ақпанда Жапонияда Сэцубун (Setsubun) мейрамы тойланады, яғни жапон айлы күнтізбесі бойынша қыстың соңғы күні.
Осы кезде барлығы жаңадан басталады. Өткен жылдың бар жамандығы ұмытылып, жаңа жылға жақсылық тіленеді. Үйлердің есіктері қасиетті және қатты иісі бар заттармен жамандықты (әзезілді) кетіру үшін әшекейленеді, мысалға, сардина немесе сарымсақ.
Жанұялар үйлерінде және терезеден соя бұршақтарын лақтырып «Әзезілдер кетіңдер, сәттілікке жол!» деп айтып, арнайы мамемаки цеременоясын өткізеді. Содан кейін үлкендер өз жастарының санымен бірдей және қосымша бір соя бұршақтарын жейді.
Кей храмдарда әзезілдің киімін кигендерге соя бұршақтарын немесе күріш лақтырып оларды қуу церемониясын жасайды. Біздің центрде осындай мейрам 7 ақпанда өткізілді. Қонақтар шайтан бейнесіндегі адамға жержаңғағын лақтырып, жамандықтың өткен жылда қалып, жақсылықтар көп болғанын тілейді. Сонымен қатар жапонның сугороку (кім жылдам) және фукуварай (күлімсіреген бет) сияқты ойындарын ойнадық. Және де жапон шәйі мен тәтті тағамдар болды. Барлығы риза болды.