2010-жылдың 16-қаңтарында Орталықта осымен екінші рет өткізіліп отырған «Какидзомэ» конкурсы өтіп, оған 15 адам қатысты. Конкурстың тақырыбы – жапон тілінен «алғашқы түс» деп аударылатын «хатсу юмэ» иероглифын жазу болды. Жапондықтар 31-ші желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні көрген түс міндетті түрде іске асады деген нанымға сенеді. Сондықтан да, «хатсу юмэ» сөзі терең мағынаға ие.
Біздің қатысушыларымыз дәл осы иероглифті жазып бәсекеге түсті. Конкурс аяқталып, қазылар алқасы жұмыстарды бағалап болғанша қатысушылар жапондық тәтті тағам о-мочидан және көк шайдан дәм татты. О-мочиді өз қолдарымен дайындаған біздің директор Митома мырза мен жапон тілі крустарының эксперті Ямагучи мырза болды. Бұл оңай шаруа болмады. Тек қана «кине» (ағаш балта) 20 кг салмақты құрайды. Ал о-мочи жасау үшін 150 соққы қажет болған.
Қазылар алқасы нәтижесін жариялауға дайындалды. 3 орынды 3 адам иеленді – Саша, Анзия және Ержан , 2 орында Сауле және бірінші орын 5 группадағы Маликаға бұйырды. Құттықтаймыз!
Қазылар алқасы қатысушылардың барлығы жақсы жазғандықтан бағалау қиын болды деп атап өтті.