КітапханаОрталықтың есігі ауқымды келушілерге, студенттерге, кәсіпкерлерге, мұғалімдерге және Жапония жайлы көп ақпарат алғысы келетіндердің бәріне ашық. Біздің Орталықтың кітапханасы Жапония жайлы ір түрлі ақпаратқа бай: герграфия, тарих, индустрия, өндіріс, өнер, әдебиет, пәлсапа, спорт, жапон асханасының экзотикалық рецептерінің кітаптары, сонымен қатар, жапон тілін оқып жүргендерге және тілді үйренуді қалайтындарға арналған жапон тіліндегі кітаптар.Жапония жайлы көбірек ақпарат алғысы келетіндерге, біздің кітапханаға, жексенбіден басқа барлық күндері келуге болады. Мүшелік кітаптарды (2 кітап 2 апта мерзіміне), журналдарды (2 журнал 1 апта мерзіміне), DVD ( 2 DVD 1 аптаға), видеотаспаларды ( 2 видеотаспаны 1 аптаға), компакт дискілерді (2 дискіні 1 аптаға) және Audio кассетеларды (2 Audio кассетаны 1 аптаға) үйге алуға мүмкіндік беріледі ( берілу мерзімін ұзарту мүмкін емес). Егер материалдарды өткізу күні демалыс немесе мейрам күндерімен сәйкес келсе, онда материалдарды келесі жұмыс күні өткізу керек. Жұмыс уақыты:
Жапон Орталығының 2010 жылға арналған демалыс күндерінің кестесін мына жерден қараңыз
Мүшелік карточкасына ие болу үшін мыналарды ұсыну қажет: жеке куәлік пен төлем (карточкаға арналған фотосурет Орталықта шығарылады)
Көшірме жасау қызметі: |
|
Жаңалықтарға жазылу |








