Орталық қызметіҚазақстанның нарық экономикасына жету жолында, кәсіпкерлер басқару саласындағы, өндірістің ары–қарай дамуы мен диверсификациясына керекті білімді алудың жоғарғы қажеттілігін сезінуде. Заманның талабын ескере отырып, Қазақстан – жапон орталығы , бизнесмендерді нарықтық экономика жағдайындағы тиімді, нәтежелі жұмысқа үйрететін, бизнес курстарды ұйымдастырады және өткізеді. Бұл курстарда тыңдаушылар іргелі білімді және келешекте тәжірибиеде қолдану мақсатында, бәсекелестік жағдайында бизнесті басқарудың тәжірибиелік дағдыларын алады. Оқу барысында тыңдаушыларға, басқару саласындағы жапондық ұйымдардың сәттіліктері мен сәтсіздіктерінен тәлім алу және отандық ұйымдардың мамандарымен тәжірибие алмасуға ұсынылады. Қазақстан-жапон орталығының қызметінің басты бағыттарының бірі, жапон тілінің курстарын қалаушылыардың кең ауқымдылығына өткізу және Республикада жапон тілінің таралуы мен дамуына септігін тигізу. Біздің Орталықта жапон тілінің әр түрлі қиындық деңгейін (басынан бастап, жетілгенге дейін) меңгеруге мүмкіндік ұсынылады. Сонымен қатар, оқытушыларға арналған топ ұйымдастырылған. Болашақта балаларға арналған топты ашу жоспарланып отыр. Біздің Орталық жаңа оқулықтар мен анықтамалық материалдары бар, қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған, бай кітапханаға ие. «Күн шығыс» елінің мәдениетімен жақынырақ танысып, тілді тәжірибиеде қолдану үшін,тыңдаушыларға жапондықтар мен кездесулер, мәдени бағдарламалар және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады. |
|
Жаңалықтарға жазылу |






