Орталық жайлы 2000 жылдың тамыз айында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті және Дамуға Үлес Қосудың Ресми Бағдарламасы (JODA) аясында жұмыс істейтін Халықаралық Бірлестіктің Жапондық Агенттігі (JICA), Қазақстандағы Жапония Үкіметінің қолдауымен, Қазақстан-жапон адам қорын дамыту орталығын ұйымдастыру туралы хаттамаға қол қойды (Орталық).
Орталықтың мақсаты – нарықтық экономика жағдайында, Қазақстандағы адамдық қорды дамытуда өз үлесін қосу.
Орталық іскерік басқарудың мамандандырылған курстарын және жапон тілінің курстарын ұйымдастырады. Сондай – ақ Қазақстан және Жапония халықтарының арасындағы өзара түсінушілікті дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Орталық ауқымды келушілерге, студенттерге, оқытушыларға, кәсіпкерлерге, Жапония туралы көлемді мағлұмат алғысы келетіндерге және екі елдің арасындағы мәдени даму байланыстарына қатысқысы келетіндерге ашық.
Бизнес Курстар
Қазақстанның нарық экономикасына жету жолында, кәсіпкерлер басқару саласындағы, өндірістің ары–қарай дамуы мен диверсификациясына керекті білімді алудың жоғарғы қажеттілігін сезінуде. Заманның талабын ескере отырып, Қазақстан – жапон орталығы , бизнесмендерді нарықтық экономика жағдайындағы тиімді, нәтежелі жұмысқа үйрететін, бизнес курстарды ұйымдастырады және өткізеді. Бұл курстарда тыңдаушылар іргелі білімді және келешекте тәжірибиеде қолдану мақсатында, бәсекелестік жағдайында бизнесті басқарудың тәжірибиелік дағдыларын алады. Оқу барысында тыңдаушыларға, басқару саласындағы жапондық ұйымдардың сәттіліктері мен сәтсіздіктерінен тәлім алу және отандық ұйымдардың мамандарымен тәжірибие алмасуға ұсынылады.
Жапон тілінің курстары
Қазақстан-жапон орталығының қызметінің басты бағыттарының бірі, жапон тілінің курстарын қалаушылыардың кең ауқымдылығына өткізу және Республикада жапон тілінің таралуы мен дамуына септігін тигізу. Біздің Орталықта жапон тілінің әр түрлі қиындық деңгейін (басынан бастап, жетілгенге дейін) меңгеруге мүмкіндік ұсынылады. Сонымен қатар, оқытушыларға арналған топ ұйымдастырылған. Болашақта балаларға арналған топты ашу жоспарланып отыр. Біздің Орталық жаңа оқулықтар мен анықтамалық материалдары бар, қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған, бай кітапханаға ие. «Күн шығыс» елінің мәдениетімен жақынырақ танысып, тілді тәжірибиеде қолдану үшін,тыңдаушыларға жапондықтар мен кездесулер, мәдени бағдарламалар және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады.
Мәдени шаралар
Қазақстан мен Жапония халықтарының арасындағы өзара түсінушілікті тереңдету және байланыстарды дамыту үшін Орталық әртүрлі мәдени шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Біз барлық қатысамын-деушілерге Қазақстандағы Жапонияның мәдени күндері (Алматыда және Астанада Жапония елшілігімен бірлесе отырып),Ашық есік күні,икебанадан мастер-класс,оригами,
кимоно,шай жасау рәсімі,каллиграфия,Ёсакой биі және т.б көптеген мәдени шараларға қатысуға шақырамыз.
Жапонияның мәдени дәстүрлерімен жақынырақ танысамындеушілерге біздің орталықтың есігі әрқашан ашық. Ал жапондықтар өз кезегінде Қазақстанның салт-дәстүрлері жайлы біле алады.
Кітапхана
Келушілердің қызметіне кітапхана, видеотека, аудиотека, СD-тека, үнжариялық және журналдық стендттар мен интернет – бұрыштар ұсынылады. Біздің кітапханада кітаптар, видеотаспалар, аудиотаспалар, СD дискілер, журналдар (жаңа ағымдық баспалардан басқа) үйге беріледі. Берілген материалдар біздің мәліметтер базасына тіркеледі. Сондай-ақ келушілерге материалдардың көшірмесін жасау және материалдарды басып шығару қызметі ұсынылады.
Біздің Интернет – бұрышындағы компьютерлер 512 Кбит/с жылдамдықтағы «Әлемдік жүйеге» қосылған. Олардың әрқайсысында сіздер 3 тілде (орысша, ағылшынша және жапонша) жұмыс істей аласыздар.